jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ержан Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып сайланды

    Ержан Біржанов
    Ержан Біржанов. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып Ержан Біржанов сайланды. Бұған дейін ол бірінші вице-президент қызметін атқарған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

    Министрліктің баспасөз қызметі өкілдері хабарлағандай, Астанада Қазақстан триатлон федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Ұлттық олимпиада комитеті өкілдері және өңірлік федерация басшылары қатысты.

    Жиын барысында федерацияның 2023–2024 жылдардағы жұмысы қорытындыланып, жаңа президент сайланды. Дауыс беру нәтижесінде Ержан Біржанов федерация президенті болып сайланды. Ол бұған дейін бірінші вице-президент қызметін атқарған. Ал бұрынғы президент Даурен Әділбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

    Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Федерацияның бұрынғы басшылығына триатлонды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Ержан Біржановты жаңа қызметімен құттықтады.

    "Федерация алдында жаңа әрі ауқымды міндеттер тұр. Сенімді және кәсіби команда бұл бағытта жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін. Министрлік тиісті қолдау көрсетуге дайын және ашық диалогқа әрдайым әзір", - деді Серік Жарасбаев.

    Ержан Біржанов Қазақстан триатлон федерациясының президенті болып сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.