jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Абиба Абужақынова Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды

    Абиба Абужақынова
    Абиба Абужақынова. Фото: t.me/kazjudoteam

    Абиба Абужақынова Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан Дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан Grand Slam турнирі басталды.

    Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова (-48кг) жарысты сәтті бастап, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда 1/2 финалда қытайлық Чжуан Веннаға есе жіберді.

    Қола жүлде үшін өткен белдесуде Абиба өзбекстандық Улбусин Хакимованы жеңді.

    Душанбеде Grand Slam турнирі 4 мамырға дейін жалғасады.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Душанбеде өтетін Grand Slam жарысына қатысатын қазақ спортшылар белгілі болғанын жазған едік.

    Абиба Абужақынова Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.