jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанадағы Grand Slam турнирі: Ғұсман Қырғызбаев күміс медаль жеңіп алды

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Фото: t.me/kazjudoteam

    Танымал балуан Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Қазақстан Дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елордадағы әлемдік турнирде 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ғұсман Қырғызбаев финалда Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) атынан сынға түскен Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді.

    Ол ақтық сында Абдуллаевтан 0:10 есебімен жеңіліп, Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс жүлдені салды.

    Дзюдо федерациясының мәліметінше, бұл – Ғұсман Қырғызбаевтың Париж Олимпиадасынан кейінгі 10 айлық үзілістен соң қатысқан алғашқы жарысы. Естеріңізге сала кетейік, Парижде қазақ дзюдошысы қола медаль жеңіп алған болатын.

    Ал Астанадағы Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күнінің қортындысы бойынша Қазақстан құрмасының еншісінде төрт жүлде бар. Бүгін спортшыларымыз 60 келіге дейінгі салмақта үш медаль иеленді. Олардың біреуі – күміс, екеуі – қола.

    Астанадағы Grand Slam турнирі: Ғұсман Қырғызбаев күміс медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.