jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Сәттілік жетіспеді": Grand Slam турнирінде алтыннан қағылған Қырғызбаев жеңілісі туралы айтты

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Фото: t.me/kazjudoteam

    Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, күні кеше Grand Slam турнирінде күміс жүлде алған Ғұсман Қырғызбаев турнирден алған сезімдерін бөлісіп, алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Olympic.kz.

    "Финалда сәттілік жетіспеді. Оның үстіне Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысым болғандықтан қиындықтар болды. Алайда қолымнан келгенше күрестім. Қарсыластарымның дайындығы өте жоғары деңгейде. Бірақ мен үшін ең қиын қарсылас оңтүстіккореялық спортшы болды.

    Алдағы жарыстарға 85 пайыз дайынмын деп айта аламын. Алда Испанияда оқу-жаттығу жиыны өтеді. Сол жаққа барып жаттығуымызды жалғастырамыз. Бұл жарыс мен үшін әлем чемпионатының алдындағы сынақ ретінде өтті. Басты мақсат - әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алу", - деді спортшы.

    Елордадағы әлемдік турнирде 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ғұсман Қырғызбаев финалда Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) атынан сынға түскен Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді.

    Ол ақтық сында Абдуллаевтан 0:10 есебімен жеңіліп, Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс жүлдені салды.

    Дзюдо федерациясының мәліметінше, бұл – Ғұсман Қырғызбаевтың Париж Олимпиадасынан кейінгі 10 айлық үзілістен соң қатысқан алғашқы жарысы. Естеріңізге сала кетейік, Парижде қазақ дзюдошысы қола медаль жеңіп алған болатын.

    "Сәттілік жетіспеді": Grand Slam турнирінде алтыннан қағылған Қырғызбаев жеңілісі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.