jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Дзюдошы Абиба Әбужақыноваға су жаңа көлік сыйға тартылды (фото)

    Абиба Әбужақынова
    Абиба Әбужақынова. Фото: instagram.com/abiba48

    Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Абиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма Jenys клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және Jenys клубыма ризашылығымды білдіремін", - деп жазды дзюдошы Instagram желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, Абиба Абужақынова жуырда Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді. Абиба – қазақ қыздарының арасында мұндай жетістікке жеткен алғашқы дзюдошы.

    Бұл жетістігінен кейін Абиба әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартып, бірден екінші орынға көтерілді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.