16 жастағы қазақ қызы қол күрестен 13 дүркін әлем чемпионын жеңді (видео)
Жарияланған күні:
Болгарияда қол күресінен өтіп жатқан ересектер арасында Әлем чемпионатында 60 келі салмақта "Шардара Армспорт" құрамасының жасөспірім спортшысы Ұлболсын Елмұрат чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Шардара Армспорт" командасының желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында шардаралық Ұлболсын Елмұрат қарсыластарын қапы қалдырды.
Финалдық кездесуде ол аңызға айналған словакиялық спортшы, 13 дүркін әлем чемпионы Лусия Дебрановамен күш сынасты. Тәжірибелі қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жеткен қазақтың қаршадай қызы әлем чемпионы атанды.
Айта кетсек, Ұлболсын Елмұраттың жасы небәрі 16-да.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2289018-16-zhastagy-qazaq-qyzy-qol-kuresten-13-durkin-alem-chempionyn-zhengdi/