Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан ересектер арасында әлем чемпионы атанды (фото)
Опубликовано:
Жібек Құлымбетова Бангкокта өтіп жатқан джиу-джитсудан ересектер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Бұл турлы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, жанкүйерлерінен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Сүйінші, қазақ елі! Бүгін менің өмірімде ғана емес, қазақ джиу-джитсу спортында тарихи күн.
Бангкок қаласында, 18 жасымда алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесу өткізіп, чемпион атандым! Аллаға шүкір!
Бұл жеңіс – тек бір күннің еңбегі емес, бұл – 9 жыл табандылықтың, тәртіптің, сенімнің жемісі", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
48 келіде бақ сынған Жібек Құлымбетова финалдық бәсекеде тағы бір қазақ спортшысы Райхан Абдуллаеваны жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2304201-zhibek-qulymbetova-dzhiu-dzhitsudan-eresekter-arasynda-alem-chempiony-atandy-foto/