Конькимен жүгіру: Кристина Шумекова екі дүркін әлем чемпионы атанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
500 метр қашықтықта топ жарған спортшы 1500 метрлік бәсекеде де жеңіске жетті.
Шумекова 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Бұл — қазақстандық спортшының жаңа жеке рекорды.
Күміс жүлдені 1:56.36 уақытта жеткен Аустрия өкілі Джанин Роснер иеленсе, жапониялық Аяно Сэкигучи 1:57.97 уақытта жетіп, үшінші орынға тұрақтады.
Анастасия Беловодова 13-нәтиже көрсетті, Алина Шумекова 28-орын алса, Варвара Глухова 32-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін Шумекова әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта жеке рекордын жаңартып, жеңіске жеткен еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2348547-konkimen-zhugiru-kristina-shumekova-eki-durkin-alem-chempiony-atandy/