jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    2030 жылы Қазақстанда жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді

    Жеңіл атлетика
    Фото: Olympic.kz

    Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионатын қабылдайды. Мұндай шешім World Athletics ұйымы Кеңесінің 240-шы отырысында қабылданды. Аймақ үшін тарихи маңызы зор бұл дода 2030 жылдың 15-17 наурызына жоспарланған, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

    "2030 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығы Қазақстанның спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болды. World Athletics Кеңесі Астананың ірі жарыстарды ұйымдастырудағы табысты тәжірибесін ерекше атап өтті:

    • 2023 жылы жабық ғимараттағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын өткізуі;

    • 2024 және 2025 жылдары World Athletics Indoor Tour Gold кезеңдерін ұйымдастыруы.

    Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы үшін әлем чемпионатын өткізу тек ұйымдастырушылық міндет қана емес, сонымен қатар сапалы өзгерістерге жол ашатын мүмкіндік болмақ", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

    2030 жылы Қазақстанда жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.