jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақ қызы көркем гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

    Ақмарал Ерекешева
    Ақмарал Ерекешева. Фото: Астана қаласының әкімдігі

    Көркем гимнастикадан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем кубогының 3-кезеңінде ел намысын қорғаған елордалық Ақмарал Ерекешева жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал алғаш рет ересектер деңгейіндегі ірі халықаралық жарысқа қатысып, таспа жаттығуында 27.000 ұпай жинап, қола медаль иеленді.

    Жарыс қорытындысы бойынша:

    1-орын: Дарья Варфоломеева (Германия, Париж Олимпиадасының чемпионы) – 28.800 ұпай; 2-орын: София Раффаэли (Италия, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) – 28.500 ұпай; 3-орын: Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) – 27.000 ұпай.

    Ақмарал Ерекешева жарыс барысында Азия ойындарының чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан), әлем чемпионатының жүлдегері Таисия Онорийчук (Украина) және Болгария өкілі Стилияна Николованы артта қалдырды.

    Сондай-ақ жерлесіміз көпсайыс нәтижесінде үздік ондыққа енді.

    Қазақ қызы көркем гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.