Әсем Орынбай стенд атудан Алматыдағы Әлем кубогы кезеңінде топ жарды
Жарияланған күні:
Әсем Орынбай стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, Қазақстан құрамасы стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медалін жеңіп алған.
Әйелдер арасындағы "скит" жаттығуында Әсем Орынбай топ жарып, ел қоржынына алтын медаль салған.
Финалда қазақ спортшысы 33 ұпай жинаған. Осы нәтижемен Әсем Орынбай биыл тағы бір қазақ спортшысы Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталаған.
Күміс медальді 30 ұпаймен қытайлық Итин Цзян еншілесе, Италия өкілі Мартина Бартоломей 27 ұпаймен үздік үштікті түйіндеген.
Айта кетейік, Алматыдағы Әлем кубогы кезеңі 4 мамырда басталды. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр және 11 мамырға дейін жалғасады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2373417-asem-orynbai-stend-atudan-almatydagy-alem-kubogy-kezenginde-top-zhardy/