Дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин алғаш рет Grand Slam турнирінің жүлдесін жеңіп алды
Жарияланған күні:
Аңсарбек Ғайнуллин әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Федерацияның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде ел қоржынына тағы бір қола медаль түскен.
73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Аңсарбек Ғайнуллин шешуші белдесуде Молдова дзюдошысы Влад Митрудан басым түскен.
Осылайша, Аңсарбек Ғайнуллин өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің жүлдесін жеңіп алған.
Айта кетейік, жарыстың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына екі медаль түскен болатын. 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Шерзод Давлатов қола медаль иеленді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2374845-qazaq-dziudoshysy-angsarbek-gainullin-algash-ret-grand-slam-turnirining-zhuldesin-zhengip-aldy/