jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Дзюдошы Жалғас Қайролла Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

    Жалғас Қайролла
    Жалғас Қайролла. Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпидалық комитеті

    Дзюдошы Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Федерацияның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жалғас Қайролла финалдық белдесуде Молдова өкілі Петру Пеливанды жеңіп, алтын медальға ие болған.

    "22 жастағы Жалғастың қарсыласы – Grand Slam турнирлерінің төрт дүркін жүлдегері және Masters турнирінің қола жүлдегері.

    Бұл – Жалғас Қайролланың мансабындағы Grand Slam санатындағы алғашқы жүлдесі", - делінген хабарламада.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің алғашқы екі күнінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізген.

    Айта кетейік, бұған 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Аңсарбек Ғайнуллин турнирдің қола жүлдегері атанғанын жазған едік.

    Ал жарыстың бірінші күні 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс медаль, Шерзод Давлатов қола медаль иеленген болатын.

    Дзюдошы Жалғас Қайролла Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.