Қазақстан жасөспірімдері Junior Davis Cup финалдық кезеңі үшін сынға түседі
Жарияланған күні:
Шымкентте 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі – Junior Davis Cup (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) басталды. Турнирге 16 құрама қатысуы керек еді, бірақ Шри-Ланка командасы соңғы сәтте жарыстан бас тартты. Осылайша, кортқа 15 ұжым шығады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Капитан Сергей Квак бастаған ел құрамасы сапында Аңсар Ниетқалиев, Ахмади Маханов және Родион Трайгель өнер көрсетеді.
Жарыста рейтинг бойынша 5-нөмірді иеленген Қазақстан құрамасы D тобында мына командалармен ойнайды:
- Оңтүстік Корея (2).
- Пәкістан.
- Түрікменстан.
Алғашқы айналымда отандастарымыз Түрікменстан құрамасымен шеберлік байқасады.
Басқа топтардағы жағдай:
- А тобы: Жапония (1), Гонконг, Тайбэй.
- В тобы: Аустралия (3), Вьетнам, Таиланд, Өзбекстан (6).
- С тобы: Үндістан (4), Малайзия, Индонезия, Қытай.
Жартылай финалға шыққан төрт үздік команда қараша айына жоспарланған әлем чемпионатының негізгі кезеңіне тікелей жолдама алады.
Іріктеу кезеңінің барлық матчы Шымкенттегі Beeline Arena халықаралық теннис орталығында өтіп жатыр. Ал турнир мегаполис әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.
Еске сала кетейік, жақында ғана дәл осы корттарда қыздар арасындағы іріктеу сыны (Junior Billie Jean King Cup) аяқталды. Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 7-орын алып, дүниежүзілік біріншілікке өте алмаған еді.
Барлық маңызды спорттық оқиғаны BeeTV-ден тамашала!
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2377854-qazaqstan-zhasospirimderi-junior-davis-cup-finaldyq-kezengi-ushin-synga-tusedi/