Junior Davis Cup: Қазақстан теннисшілері Түрікменстанды сенімді жеңіп, турнирді сәтті бастады
Жарияланған күні:
Шымкентте 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңі (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) басталды. Топтық кезеңнің алғашқы турында Қазақстан құрамасы Түрікменстаннан келген қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен таза жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Тартысты Ахмади Маханов бастап, Сулейман Худайбердиевті қос сетте де құрғақ есеппен бет қаратпай ұтты – 6:0, 6:0. Екінші болып кортқа шыққан Аңсар Ниетқалиев Әли Гельдыевтен басым түсіп, құрама қоржынына екінші ұпайды салды – 6:0, 7:5. Кездесудің нүктесін жұптық сында өнер көрсеткен Ахмади Маханов пен Родион Трайгель дуэті қойды. Олар Әли Гельдыев пен Керимгельди Кулдурдыев тандемін 6:1, 6:2 есебімен қапы қалдырды.
Турнирде Қазақстан жасөспірімдері D тобында өнер көрсетіп жатыр. Іріктеудің келесі кезеңіне өту үшін отандастарымызға өз тобында алғашқы екі орынның бірінен көріну қажет. Айта кетейік, бұл төрттікте олардан бөлек Оңтүстік Корея (2) және Пәкістан құрамалары да бар.
Ертең Қазақстан құрамасы Пәкістан командасымен шеберлік байқасады. Пәкістандықтар бүгін қатар өткен ойында турнирдің басты фавориттерінің бірі – Оңтүстік Кореядан 0:3 есебімен жеңілген болатын.
Барлық маңызды спорттық оқиғаны BeeTV-ден тамашала!
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2378148-junior-davis-cup-qazaqstan-tennisshileri-turikmenstandy-senimdi-zhengip-turnirdi-satti-bastady/