jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қандай әдемі": Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алды

    Бибісара Асаубаева
    Бибісара Асаубаева. Фото: instagram.com/bibisarachess

    Шахматшы Бибісара Асаубаева президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Telegram желісіндегі арнасында ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алғанын айтып, видео жариялады.

    "Мен көптен күткен ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алдым. Менде ІІІ дәрежелі орден бар, енді І дәрежелі орден қалды. Сонда кавалер атанамын. Қараңдарыздаршы, қандай әдемі. Міне, "Барыс", түсі қандай әдемі", - деді шахматшы.

    Бибісара Асаубаева Instagram-дағы парақшасында жақында Ташкенттен оралғанын хабарлады.

    Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 30 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Бибісара Асаубаеваны жылдам шахматтың бір түрі – блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттаған болатын.

    2024 жылдың қазанында Республика күні қарсаңында Тоқаев Бибісара Асаубаеваны ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

    Бибісара Асаубаеваның жалақысына қатысты дау

    Бұған дейін қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, бейнежазба жариялады. Ол қолдаудың жоғына шағымданып, жалақысы үш есе қысқартылғанын мәлімдеді.

    Кейін Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесіне қатысты түсінік берді.

    Вице-министр Серік Жарасбаев Бибісара Асаубаеваның жалақысы не үшін үш есе қысқарып қалғанын түсіндірді.

    "Иә, спортшы жалақыны Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы арқылы бюджеттен алды және қазір де алып жүр. 2024 жылға дейін оның жалақысы шамамен 1 млн теңге болған. 2025 жылдан бастап, өзі айтқандай, жалақысы қысқарды және мен мұны растаймын", - деді Серік Жарасбаев.

    Оның айтуынша, бұл шахматтың басымдыққа ие 46 спорт түрінің тізіміне енбей қалғанымен байланысты.

    "Қандай әдемі": Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.