jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    15 жастағы қазақстандық зілтемірші рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

    Нұржан Жұмабай
    Нұржан Жұмабай. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Қазақстандық зілтемірші Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

    Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нұржан Жұмабай алтын медаль жеңіп алды.

    88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 15 жастағы отандасымыз 348 келі (155+193) нәтижесін көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар серпе көтеру жаттығуында 193 келіні бағындырып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

    ауыр атлетика
    Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi/17100

    Күміс медальді Испания өкілі Эрик Гуадамуд Пико (344 кг - 156+188) иеленсе, қола жүлде мексикалық Хосе Орландоға (335 кг - 151+184) бұйырды.

    Айта кетейік, Нұржан бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында және Бахрейннің Манама қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанған. Осылайша, ол халықаралық жарыстарда әлі жеңіліс көрмей келеді.

    Сондай-ақ Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады. Бұған дейін 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Мырзахмет қола жүлдеге ие болса, Нұрсила Берікбол 58 келіге дейінгі салмақта төртінші орыннан көрінген.

    15 жастағы қазақстандық зілтемірші рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.