Тағы бір алтын: 22 жастағы Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Аралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
22 жастағы спортшы "Modern" стилінде 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Бұл жерде қатысушылар шорты мен рашгард киіп сайысқа түседі. Шынбаев финалға дейін екі қарсыласын жеңді.
Шешуші жекпе-жекте Шынбаев тәжікстандық Бехруз Хуршедзодамен кездесті. Екі раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Шынбаевтың алтыны – ММА-дан ұлттық құрама үшін үшінші медаль. Бұған дейін Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейін) чемпион атанса, Санжар Әділов (65 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Екеуі де спорттық кимоно киіп өнер көрсететін Traditional стилінде сынға түсті. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отырғанын да айта кетейік.
Жалпы қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 12 медаль бар: алты алтын, бір күміс және бес қола.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2431265-tagy-bir-altyn-22-zhastagy-qadyrbek-shynbaev-aziia-oiyndarynda-top-zhardy/
