jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мариан Журавлева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегерлері қатарына қосылды

    спортшы Мариан Журавлева
    Мариан Журавлева: Никита Басов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Мариан Журавлева джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    38 жастағы спортшы 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ширек финалда жеңілген соң ол жұбаныш белдесулеріне қатысып, жүлделі орын үшін күресуге мүмкіндік алды.

    Қола жүлде үшін өткен кездесуде Журавлева иорданиялық Майя Ишакатты 2:0 есебімен жеңді.

    Осылайша, қазақстандық спортшы қатарынан екінші рет Азиада тұғырына көтерілді. Ол Ханчжоу-2022 ойындарында да қола медаль иеленген еді, бірақ ол кезде Урдабаева тегімен өнер көрсеткен болатын.

    Айта кетейік, осы салмақ дәрежесінде бақ сынаған тағы бір қазақстандық Ажар Салықова 1/8 финалда есе жіберіп, жарысты аяқтады.

    Ұлттық құрама джиу-джитсудан өткен жарыстың соңғы күні екі медаль еншіледі. Бұған дейін Мерей Қабдуллаев (85 келіге дейін) күміс жүлдегер атанған болатын.

    Мариан Журавлева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегерлері қатарына қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram