jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әнел Тәшбай Қазақстанға жасөспірімдер Олимпиадасының екінші алтынын сыйлады

    Әнел Тәшбай
    Әнел Тәшбай. Фото: ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында велошабандоз Әнел Тәшбай Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Спортшы жекелей сында жеңіске жетті. Ол 8,5 км қашықтықты 11 минут 32,57 секундта бағындырды. Мәре сызығын екінші болып словакиялық Каролина Гайдукова (+5,05) кесті. Үздік үштікті ресейлік Ангелина Новолодская (+11,08) түйіндеді.

    Ерлер арасындағы дәл осындай сында қазақстандық Глеб Новиков алтыншы орын алды.

    Қазіргі уақытта ұлттық құрама қоржынында 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының екі алтын және бір қола медалі бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева чемпион атанса, триатлоншы Рамазан Айнегов үшінші орын иеленген болатын.

    Жалпыкомандалық медальдар есебінде Қазақстан құрамасы 22-орынға көтерілді. Сенегалдағы жарыстар 13 қарашаға дейін жалғасады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram