Қазақтың нағыз рекордшылары биыл әлемді таң қалдыру мақсатында дайындыққа кірісіп кетті.
Алматылық Жан ата салмағы 6 келіден ауыр ағашты 8 мың мәрте төбесіне көтеріп, әлем рекордын жаңартпақ ниетте.
Ал кез-келген сөйлемді кері оқитын Мақсат Мамадияров Гиннес рекордтар кітабы өкілдеріне өнерін паш ету үшін қаржы жинап жатыр.
73 жастағы қария 7 өнерді меңгерген. Мына бөренені 2 сағат 50 минутта 6666 мәрте көтеріп, Қазақстан рекордшылары кітабы өкілдерін таң қалдырған. Бокс және самбо күресінің спорт шебері енді Гиннес рекорды кітабына ену үшін күнде шынығады.
"Жер жүзінде 250 мемлекет бар, 250 мемлекетте 7 миллиард халық тұрады. Соның әрбірі істей алмайды, соларды таң қалдырып, 19-қаңтар айында 6 кг 150 грамм брусокты 8 мың рет көтеру ойымда бар. Наурызда көктемде 4 мың рет тұрып-отыруды мақсат қойдым", - дейді Қазақстан рекордшылар кітабының кейіпкері Жан ата.
Зейнеткердің денесін тигізбей-ақ кез-келген затты қозғалтатын тағы бір қасиеті бар. Бір қолымен 5 кірпішті немесе ені 20 см ағашты сындыру - Жан ата меңгерген өнер.
Өз өмірін 99 жасқа дейін ұзартуды жоспарлаған рекордшы немере-шөберелерін де осы өнерге баулымақшы.
Ал оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Мақсат 1 минутта 290 сөзді керісінше сөзбе-сөз жаңылмай оқып, тіпті кітапқа қарамай-ақ айтып береді. Мамандығы инженер жігіт бұл өнерге 13 жастан бері әуес. Ол Қазақстан рекордшылар кітабына 5 мәрте еніпті. 23-жастағы Мақсаттың жалғыз арманы "Әлемдік Гиннесс рекорды кітабына" ену. Өкінішке орай, ағылшын, орыс, араб сөздерін кері оқып жүрген шебердің ондай әлемдік додаға барар қаржысы жоқ.
"Ол жаққа 800 еуро төлеп, 600 адам жинап, сосын ол жақтан адамдарды шақырып, жүріс-тұрысын төлеуің керек екен. Шақырып жатса, қарсы емеспін", - дейді Қазақстан рекордшылар кітабының кейіпкері Мақсат Мамадияров.
Рекорд Гиннеске енгіміз келіп, біраз әрекеттер жасадық. Бірақ ол жерде ақша дейді. Барлық мәселені өзің шешу керексің.
Елімізде ерекше өнері бар рекордшылар мұнымен бітпек емес. Сөзді ғана емес, әннің мәтінін керісінше айтып, шырқайтын Бағдат Игенбаев Мақсатпен жекпе-жек сайысуға дайын.
"Мақсаттың рекордын жаңарта аламын. Кез-келген нәрсені мақсат етіп қоюға болады, басқа да қарсыластар болса, аударамын", - дейді Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының студенті Бағдат Игенбаев.
Болашақ режиссер жігіт орыс-ағылшын, өзбек, қырғыз тіліндегі сөздерді мүдірмей кері қарай айта алады. Осы өнерін дамыту үшін өзге де шет тілдерді екі жылдан бері үйреніп жүр. Болашақта атақты әндердің мәтіндерін керісінше, шырқап, әлем жұртын таң қалдырмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/298055-kazak-rekordshylary-elemdi-tan-kaldyruga-dajyndalyp-zhatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.