jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Рамзан Қадыров ел тыныштығы үшін өмір бойы түрмеде отыруға дайын екенін айтты

: UGC

Кеше, 22 қаңтар күні кешке Шешенстан лидері Рамзан Қадыров аймақта бейбітшілік заман тұрақты ұсталып тұруы жолында бүкіл өмірін түрмеде өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Lenta.ru дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

«Шешенстан – Ресей мемлекетінің егемендігін қирату үшін Батыс пен Еуропаның осы жылдардың бәрінде таңдап алған нысаны. Мен халқымыздың жақсы тұруы үшін барлық жауапкершілікті мойныма алуға дайынмын, республикада үшінші соғыс науқаныы өріс алып кетуіне жол бермеу үшін өмір бойы түрмеде отыруға дайынмын», – деді шешен басшысы.

Жұма күні Грозныйда «Біздің күшіміз – бірлікте» деген ұран көтерген көп адамдық митинг болды. Ол Ресей мен Шешенстан басшылығын қолдауға арналды. Көшеге қоғамдық ұйымдар, билік органдары өкілдері, студенттер, журналистер мен басқа аймақтан келгендер шықты. Олардың қолдарында Путин мен Қадыровтың портреттері, транспоранттар болды. Оларда «Бізге ұлы сілкіністер емес, ұлы Ресей керек», «Мен Қадыровты қолдаймын» деген сияқты жазулар жазылған.

Өзінің сөзінде Рамзан Қадыров осы митинг жайында да түсіндірме бере кетті. Республика ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, оған миллионға жуық адам қатысқан. Шешенстан лидерінің айтуынша, акцияны ұйымдастырушылар ешкімді де оған қатысуға арнайы шақырмаған.

«Егер біз шақырған болсақ, мұнда 800 мың немесе 1 миллион адам емес, әлденеше миллион жұрт жиналған болар еді», – деді ол.

Аймақ жетекшісінің ойынша, осы шараның өзі халықты Ресей билігінің қанағаттандыратынын білдіреді.

Бірінші шешен соғысы кезінде Рамзан Қадыровтың өзі әкесі Ахматпен бірге сепаратистер жағында Ресей армиясына қарсы соғысқан. Екінші науқанның кезінде олар федералды үкімет жағына өткен.

Рамзан Қадыров ел тыныштығы үшін өмір бойы түрмеде отыруға дайын екенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.