Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ислам Каримов жер қойнына тапсырылды (фото, видео)

Опубликовано:

флаги Узбекистана и Казахстана
Фото: UGC

Өзбекстанды ширек ғасыр басқарған президент Ислам Каримов 3 қыркүйек күні жер қойнына тапсырылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Мемлекет басшысының қазасына байланысты елде үш күн бойына қаралы күн жарияланды.

Каримовтің жерлеуіне 17 елден делегация келді. Регистан алаңында халық президентімен қоштасу мүмкіндігін алды.

Видео: gladiator0405

Видео: КИЕВ УКРАИНА

Кәрімовтің табыты ақ матаға және ұлттық туға оралды. Жерлеу мұсылман жоралғыларына сай өткізілді.

Өзбек халқы өз президентімен көздеріне жас алып қоштасты. Қатты дауыстап жылау бұрыс саналатындықтан, тұрғындар кеудесін кернеген қайғыны үнсіз көздеріне жас алып басуға мәжбүр. Президентпен қоштасуға келгендер арасында қарт кісіден бастап, жеткіншектерге дейін бар.

Ресми жерлеу рәсімі Мәскеу уақыты бойынша шамамен 11-12-де басталды. Жерлеуге келгендер арасында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан президенті Ашраф Гани және Түркіменстан президенті, Белоруссия, Грузия, Қырғызстан, Қазақстанның премьер-министрлері, Иранның СІМ басшысы бар.

Самарқан орталығында көліктерге жол жабылған, тек жаяу жүргіншілерге ғана қозғалыс қарастырылған. Самарқандағы Каримовтің туған үйінде жерлеу рәсімі өткізілді.

"Қаза болған президенттің туған үйі таң атысымен халыққа лық толы болды. Мұнда ұлттық жоралғылар жүргізілді. Каримовтің кортежін Самарқанның мыңдаған тұрғыны қарсы алды", - деп хабарлады елдің Мемлекеттік ұлттық телерадиокомпаниясы.

Ерлердің дені жерлеу рәсіміне қара шалбар мен ақ жейде киді, ал әйелдер негізінен ұлттық киімдерімен шықты деп хабарлайды sputnik.by.

Кортеж Регистан алаңына қарай тартты. Онда Каримовпен қоштасу рәсімі өткізілді. Алаңның өзінде бірнеше мың тұрғын мен ресми делегация мүшелері болды.

21 метрлік матаға оралған президенттің денесін жерленетін орынға дейін адамдар көтеріп алып барды деп жазады rian.com.ua.

Президенттің табыты тарихи Шахи-Зинда зиратына апарылды. Ол жерде ортағасырлық қоғам қайраткерлері мен Ислам Каримовтің ата-анасы жерленген. Елді ширек ғасыр бойы басқарып келген президент те осы зираттың жер қойнауына тапсырылды.

Айта кетерлігі, аталмыш зиратта соңғы 20 жылда ешкімнің жерленуіне рұқсат берілмеген. Алайда Ислам Каримовті жерлеуде еш мәселе туындамады.

Дін жорасы Регистан алаңының Тилля-Кори мешітінде өтіп, Ислам Каримов ислам дініне сәйкес жерленді деп хабарлады lenta.ru. Дұғаны Өзбекстан басқармасы мүфтиі Усмонхон Алимов жүргізді. Жаназа-намазға жиналған ерлердің саны бірнеше мыңнан асқан.

Еске салсақ, жұма күні кешкісін Ислам Каримовтің қаза болғаны хабарланды. Ендігі Олий Мажлистің (парламенттің жоғарғы палатасы) Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқаратын болады.

Тағы да оқыңыз:

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Ислам Каримовті жерлеу рәсімі түскі уақытта өтеді (фото, видео)

Ислам Каримовпен Ташкент халқы жылап қоштасты (фото, видео)

Ташкенттің мыңдаған тұрғыны Каримовпен қоштасу үшін көшеге шықты (фото, видео)

Өзбекстан президенті міндетін уақытша Сенат төрағасы атқаратын болды

Елімізде бес сағат бойы жүрек қағысы тоқтаған әйел тірі қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1240167-ozbekstandy-shirek-ghasyr-basqarghan/

pixel