Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан әнұранының авторы АҚШ-та комаға түсіп, қайтыс болды

Опубликовано:

Халық ақыны және Өзбекстан қаһарманы Абдулла Арипов 5 қарашада 75 жасында америкалық Хьюстон қаласында дүниеден озды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Өткен бейсенбі күні ақын бүйрегінің істен шығуына байланысты комаға түсіп, Хьюстон клиникасына жеткізілген. Өзбекстан гимнің авторы Абдулла Арипов соңғы екі айда қызы Мавлюда Арипованың америкалық Техас штатындағы үйіне қонақтап барған.

Арипов 1941 жылы Өзбекстанның Қашқадария облысының Некуз ауылында дүниеге келген.

1963 жылы журналистика факультетін аяқтаған соң, ол түрлі басылымдарда редактор болып істеді, Өзбекстан жазушылар Одағының төрағасы қызметін атқарды. 1988 жылы ол Өзбекстан авторлық құқық жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

2000–2001 жылдары Абдулла Ариповтың төрт томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Ақынның өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Парамен ұсталған Сақташ Хасенов 28 миллион теңгеге жол талғамайтын көлік алған

Назарбаев Жапония императорымен кездесті (фото)

Головкин әйгілі Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр (фото)

ОҚО-да бизнесменнен таяқ жеген аудан әкімі ұялғаннан қызметінен кетпекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1308311-ozbekstan-anuranynynh-avtory-aqsh-ta-ko/

pixel