Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атамбаев Қырғызстанда 18-ге толмай үйленгендерді соттауға бұйрық берді

Опубликовано:

Қырғызстанда кәмелеттік жасқа толмағандармен діни некеге тұру үрдісіне заң жүзінде тосқауыл қойылды. Тиісті құжатты ел президенті Алмазбек Атамбаев мақұлдады.

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Енді 18-ге толмаған қыз баламен некелестірген мешіт қызметкерлері кем дегенде 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Қырғызстан үшін кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалармен некелесу үрдісіне заң жүзінде тосқауыл қою оңайға соқпады. Алғашында бұл заң жобасы кейбір депутаттардың тарапынан сынға ұшыраған еді. Олар қыздың жасы бақытты отбасын құруға кедергі емес деп тапқан.

Тек бұл мәселе қоғам талқысына түсіп, халықтың ашу-ызасын тудырғаннан кейін ғана заң қабылданды. Енді, 18 жасқа толмаған қызбен некеге тұрған жағдайда кімдердің жауапкершілікке тартылатыны заң жүзінде анықталған.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, елде кәмелеттік жасқа толмастан тұрмыс құрған 170 мың әйел бар көрінеді. Олардың кейбірі тіпті мектеп оқушылары болған. Әрине, бұл қуантарлық үрдіс емес. Сондықтан мешітте некелесіп, отбасын құруға заң жүзінде тыйым салу – уақыт талабы.

Құжатқа сәйкес мұндайға жол берген, яғни некені қиюға келіскен мешіт қызметкері 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды

Әлемдік байқауда жартылай жалаңаш денесін көрсеткен қазақ қызы кім? (фото)

Хиджаб киіп, темекі шеккен қыздар көпшіліктің ашуын келтірді

ОҚО-да сегіз жасар бүлдіршіндер облыс әкіміне ертегі оқып берді (видео)

Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1335021-atambaev-qyrghyzstanda-18-ge-tolmay-uyle/

pixel