Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Расул Мирзаевқа шабуыл жасауға тапсырыс берген оның бұрынғы ғашығы болып шықты

Опубликовано:

Ресейлік атақты спортшы Расул Мирзаевқа шабуыл жасауды оның бұрынғы сүйіктісі тапсырыс берген болып шықты деп хабарлайды Life порталына сілтеме жасап Vesti.kz.

Мәскеулік тергеушілер қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Олар тапсырыс берген қыздың ағалары болып шықты. Алайда олар әлі де ұсталмады. Шабуыл жасалған күні қаскөйлерге есікті ашып берген қыз тапсырыс берушінің құрбысы екен.

Сонымен қатар, басылым оқиғаның мән-жайын жариялады. Ұрып-соғу кезінде Расул Мирзаевтың басына қаскөйлердің бірі "Сайга" карабинін кезеп, қарындасынан кешірім сұрауын талап етіпті. Алайда спортшы қарсылық көрсеткен соң, шабуылдағандар қашып кеткен.

Төбелес кезінде травмат қаруынан Расулға оқ атылып, спортшы ауыр жарақат алған.

Осыған дейін шабуыл жасағандардың суреті жарияланған болатын. Күдіктінің суретін көрген спортшы оның шабуыл жасағанын нақтылап берген.

Естеріңізге сала кетсек, Расул Мирзаевқа шабуыл 31 желтоқсанда Мәскеудегі Восточный көшесінде жасалды. Тұрғын үйдің маңында белгісіз біреулер Мирзаевтың бетіне пневмат тапаншасынан оқ атып, таяқпен ұрып-соққан. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Сегіз жылын жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаеваны көпшілік Рианнаға ұқсатты (фото)

Танымал дінтанушы Димаштың жетістігіне қатысты айтқан сынын дұрыс түсінуді сұрады

Үйлену тойында жас жұбайлар бір-бірімен жарысып биледі (видео)

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Баян Есентаеваның кезекті суреті тағы да ел талқысына түсті (фото)

Ресейлік олигархтың қызы ертегідегідей үйлену тойын қалай өткізді?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1395546-rasul-mirzaevqa-shabuyl-zhasaugha-tapsy/

pixel