Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірінің күл-талқаны шыққан қырғыз қызы қалай жөзекшеге айналғанын баяндады (фото, видео)

Опубликовано:

24 жастағы қырғыз қызын көршісі әрі туған ағасының досы зорлап, кейіннен аруды жылдар бойы өз таныстарына интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген. Уақыт өте жеңіл жүрістілердің қатарына қосылып, айықпас дертке шалдыққан қыз басынан өткенін баяндады деп хабарлайды Қырғызстанның НТС арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

«Ашық әңгіме» бағдарламасына келген бойжеткен өз өмірі туралы барлық шындықты жайып салды. Өзінен кейінгі қыздарға өмірі сабақ болады деген үмітпен студияға қонақ болған ару өз есімін жасыруды жөн санаған.

Тәрбиелі отбасыдан шыққан бойжеткен қатарластарының алды болып, мектепте озат оқыған. Қысқа белдемше кию, кешкі уақытта үйден шығу – ол үшін ерсі көрінген. Тек 8 сынып оқып жүрген кезінде сыныптастарының айтуымен сабақтан қашып кетіп, алғаш рет алкогольді ішімдіктен дәм тартыпты. Алайда бұл күннің соңында неге әкеп соғатыны қырғызстандық ару үшін беймәлім еді. Үйіне қайтып келе жатқан оны үш жігіт байқап қалып, тиісе бастайды. Айқайлап елден көмек сұрамақ болған оны ұрып-соққан жігіттер ақыры соңында кезектесіп тұрып зорлайды.

«Үш жігіттің біреуін таныдым. Ол өзіміздің көршіміз әрі ағамның досы болатын. Әбден қорлық көрген соң үйге қайттым. Басымнан өткен жағдайды ешкімге айта алмадым. Тіпті анама да. Анаммен сырласатындай қарым-қатынаста емеспін. Бірақ, көрген азабым мұнымен тоқтамады. Әлгі көршім сабақтан қайтқан мені көше басында торуылдап, күнара зорлап жүрді. Әркез сайын қолына пышағын алып, «егер жан адамына айтатын болсаң, анаңды да тура сен секілді зорлап, өзіңді пышақтап тастаймын» деп қорқытатын. Ол кезде жаспын ғой, қатты қорыққаным соншалық үнсіз жүре бердім", - деді бойжеткен.

Ең сорақысы, арудың айтуынша, «Азамат» есімді көршісі жасөспіріммен тек өзі ғана жыныстық қатынасқа түспепті. Ара-тұра таныстарының «астына салып беріп» жүргенге ұқсайды. Әупірімдеп жүріп мектепті бітіріп шыққан ару Қырғызстан астанасы Бішкекке оқуға түседі. Алайда қыздың көрген қорлығына бұл кезде де тоқтау болмапты. Көршісі оны жеңіл жүріске салынуға мәжбүрлеп, ол үшін ақы да алып отырған.

Бағдарламаға қонақ болып келген қырғыз аруы бұдан кейін интимдік қызмет көрсетуден бас тарта алмағанын мойындады.

«Уақыт өте қолыма қомақты қаржы түсе бастаған соң оңай жолмен ақша табуға да болады екен деп түсіндім. Оқуға түскен соң пәтер жалдап тұрдым», - деген ол күндердің күнінде саунада өз клиенттеріне қызмет көрсету барысында отбасылы бір шенеуніктің көзіне түскенін айтып берді. Шенеунік әлгі көршісінен өзін 5 мың АҚШ долларына «сатып» алыпты.

«Ол шенеунік мені ұнатып қалып, көңілімді аулады. Көлік әперіп, барлық жағдайымды жасады. Кейде іссапармен шетелге бірге алып жүрді» деп әңгімесін жалғаған «түнгі көбелек» көңілін аулайтындар тек бір шенеунікпен шектеліп қалмағанын, көп болғанын айтты.

«Шенеунік көңілдесім мені өзге біреумен ұстап алып, өлімші етіп әбден ұрып-соқты. Кейін берген сыйлығын, көлігін, бәрін тартып алды. Материалдық тұрғыдан алғанда ештеңем қалмады. Бір ай ем алдым. Қолымда ақшам да болмады», - деді бойжеткен.

Алайда ол сауыққан соң қайтадан «спонсор» іздеуге шығады.

«Кәсіпкер азаматпен таныстым. Ол кісі де менің көңілімді аулап жүрді. Тек оның бір кемшілігі, есірткіге әуес еді. Инелерін (шприц) менің үйімде тастап кететін. Мен де есірткіге қызығып, инемен емес, шегіп көрдім... Жарты жыл бұрын қатты ауырып, төсек тартып қалдым. Дәрігерге қаралдым. Ешкім нақты себебін айта алмай, «СПИД орталыққа» жіберді. Ойымда ешнәрсе жоқ, тек профилактикалық шара екен деп ойладым. Менен СПИД дерті табылды. Маған қазір өте қорқынышты. Орталықта ем қабылдап жүрмін», - деген ару бұл дерт есірткіге әуес көңілдесінің қолданған ине байқаусызда аяғына кіріп кеткен соң жұқты деп ойлайды. Тағы бір айта кетерлігі, үш баласы бар кәсіпкер көңілдесінің қанынан да ВИЧ дерті табылған.

Өмірінің тас-талқаны шыққан бойжеткен «Көршімнен зорлық көрген сәтте-ақ милицияға шағым түсіріп және ол қамалып кеткенде өмірім басқаша болар еді» деп ойын түйіндеді.

Тағы оқыңыздар:

Баян Есентаева соттан бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарауды өтінді

ШҚО-да жалаң қолмен қасқыр ұстайтын азаматтың ерлігіне көпшілік таң қалуда (фото, видео)

Білім министрі балалардың үй тапсырмасын азайтуға уәде берді

Ана атанған Аша Матай 20 келі салмақ тастағанын айтып мақтанды

Жапонияда мыңдаған еркек көшеге жалаңаш күйінде шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1414901-omirininh-kul-talqany-shyqqan-qyrghyz-bo/

pixel