Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африка әйелдерін сүндетке отырғызу салты әлем елдерін шошытты

Опубликовано:

Әйелдердің жыныс мүшесін кесу оны түгелімен немесе кей бөлігін алып тастау арқылы жүзеге асады. Бұл ота Африка, Азия мен Таяу шығыстың кейбір елдерінде кең таралған. Қазіргі кезде әлемде 125 миллион әйел осы дәстүр бойынша жыныс мүшесін кестірген деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Фотограф Аша Маилз бен журналист Надя Пьянкова Гамбиядағы осы отаны жасатқан әйелдердің әңгімесін өз аузынан естіді.

Айда Мбенга, 22 жаста: Менің жыныс мүшемді кескенде мен гипнозда болдым. Ештеңе есімде жоқ. Көз алдым тұманданып кетті. Маған оны бір әйел жасады. Мен ешқандай ауыру сезімін сезбедім. Тек одан кейін көп қан жоғалтып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Жыныс мүшемді кесуге әкем қарсы болса да, анам қоймай жасатты. Оның ойынша, содан кейін қыздар тынышталады, салмақты бола бастайды

Сарьо Вах, 37 жаста: Анам мені орманға отын теріп келеміз деп ертіп алды. Ол жерде бізді ота жасайтын әйел күтіп тұрыпты. Менің жасым бесте еді. Менен басқа тағы да екі қыз болды. Бәрі тез болып кетті. Мені бұталардың арасына апарды да, жыныс мүшеме ине тығып кесетін бөлігін белгілеп алды. Сөйтті де ұстарамен тіліп жіберді. Ауруды басатын ешқандай дәрі берген жоқ. Тек жалбызбен, есектің кіші дәретімен сүртіп жүрдім. Бірнеше апта ауырсынып жүрдім. Анам оны не үшін кестіргенімді де айтпады.

Сайнабу Бах, 19 жаста: Менің жыныс мүшемді тоғыз жасымда кесті. Оның не екенін үлкен әпкелерімнен сұрап біліп жүрсем де, оның қашан болатынын құпия ұстап келді. Салт үйде болды. Ауырғанымды ешқашан ұмытпаймын. Кескеннен кейін бірнеше күн тапжылмай төсекте жаттым. Маған жолым болып ешқанадай инфекция түскен жоқ. Анам маған бұл салттың мәнін түсіндіре келе: "Бұл -дәстүр, отбасыңа және өзіңе деген құрмет", - деді.

Фату Боджанг, 52 жаста: Жыныс мүшемді қалай кескенін ұмытып қалыппын. Ол кішкентай кезімде болыпты. Солай істегендері дұрыс болған. Өскен сайын ол ауыр тиеді. Кейінірек өзім де басқа қыздарға ота жасап машықтанып алдым.

Мариама Джуф, 24  жаста: Маған бес жасымда ота жасады. Әпкем екеумізді көрші үйге алып келді. Онда тағы екі қыз болды. Кезек-кезек бізді жуынатын бөлмеге апара бастады. Барабанның дыбысы үдей түсті. Жылаған дауыс естілмес үшін әдейі солай істеген. Өзімнің кезегім келгенде қорқа бастадым. Ауырмады деп айтсам жалған болар. Одан кейін бір апта қозғала алмадым. Ең қиыны дәретханаға барғанда көретін азабың. Одан соң, күйеуге шығып жақындасқанда одан еш ләззат ала алмадым. Өз қызыма мұндай қорлықты көрсетпеймін.

Эми Сове 19 жаста: Маған жасалған ота есімде жоқ, өйткені мен ол кезде бір жасқа да толмағанмын. Ал кейін білгенде анама қатты ренжідім. Оның жаман екенін естіген едім. Қазір бұл отаға тыйым салынғанына қуанамын.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Бэкхемдердің 5 жасар қызы әлемдік жұлдыздарға арнап сән топтамасын жасап шығарды

Ерекше даусымен таңғалдырған зағип қызға көпшілік сүйсінді (фото, видео)

Павлодарлық ана жоғалып кеткен ұлынан қайта оралуын жалынып сұрады

АҚШ-та тамақ жеуден жарысқан екі адам көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1456585-afrika-ayelderin-sundetke-otyrghyzu-s/

pixel