jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Горбачев Ресей мен батыс елдері арасында "жаңа қырғи қабақ соғыс" қаупі барын ескертті

: UGC

Бұрынғы СССР-дың тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Ресей мен батыс елдері арасында «жаңа қырғи қабақ соғысы» қаупі барын мәлімдеді деп жазады Азаттық.

Бұл туралы ол Германияның Bild басылымына сұхбатында айтқан.

Оның айтуынша, «қаһарлы сөйлеуді жиілеткен саясаткерлер мен жоғарғы шенді әскерилер сөздерін» баспасөз құралдары да «қағып алып, отқа май құйып» отыр.

«Ірі держвалар арасындағы қарым-қатынас нашарлауы әлем соғысқа дайындалып жатқандай әсер қалдырады. Қырғи-қабақ соғыс белгісі айқын білініп отыр», - деген ол.

Горбачев қазіргі кезде Ресей мен Батыс арасында қайтадан жаппай қарулану басталуы мүмкін бе деген журналистің сұрағына «кей аймақтарда ол басталып та кетті» деп жауап берген.

«Еуропаға әскер, олармен бірге танкілер мен беренді машиналар сынды ауыр техника да келіп жатыр. Осыдан біраз ғана бұрын НАТО мен Ресей әскері бір бірінен айтарлықтай алыста болса, қазір бетпе-бет тұр», - деген Горбачев.

Ол Батыс елдерін «демократияға баратын жол ортасындағы отызға жуық дамушы елдің қатарындағы» Ресейге деген «сенімді қалпына келтіруге» шақырған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде үш баласын үш түрлі еркектен туған келіншек аянышты тағдырын айтты (фото)

Шекарада 50 мың долларынан айырылған әйелдің енді ұлы мен інісі жауапқа тартылмақшы

Ақыл-есінен айырылған қостанайлық келіншек туыстарына іздеу салды (фото)

Горбачев Ресей мен батыс елдері арасында "жаңа қырғи қабақ соғыс" қаупі барын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.