Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мезгілсіз өлім: әлемдегі миллиондаған адамның неден қайтыс болатыны анықталды

Опубликовано:

Соғыс, зорлық-зомбылық, ауру, аштық немесе табиғи апатқа қарағанда қоршаған ортаның, соның ішінде су мен ауаның ластануы миллиондаған адамның өмірін қияды. АҚШ мамандары осындай қорытындыға келіп отыр деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, 2015 жылы әрбір алтыншы мезгілсіз өлім (бұл шамамен тоғыз миллион адам) уытты заттардың әсерінен болған. Сарапшылардың пікірінше, бұл тек шамалап алғандағы көрсеткіш, ал нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі мониторинг жүйесі барлық елде дамымаған және қоршаған ортада улы химиялық заттардың бәрі бірдей бақылана бермейді.

Ең қауіпті өңір Африка мен Азия саналады, ал ауа мен судың ластануынан өлетін адамдар саны жағынан Үндістан (2,5 млн-ға жуық) көш бастап тұр. Екінші орында – Қытай, мұнда экологиялық ахуалдың қолайсыздығынан 1,8 млн адам көз жұмады. Сондай-ақ, Бангладеш, Пәкістан, Солтүстік Корея, Оңтүстік Судан мен Гаити де тізімнің ең басында.

Мамандардың есептеуінше, қоршаған ортаның ластануынан өлгендер саны шылым шегуден болатын өлім санына қарағанда бір жарым есе, СПИД, туберкулез және безгекке қарағанда үш есе, ал соғыс пен зорлық-зомбылықтан болатын өлім-жітіммен салыстырғанда 15 есе көп.

Тағы оқыңыздар: 

Қостанай облысында төртінші қабаттан құлап кеткен бір жасар сәби көз жұмды

Тоғыз жастағы оқушы мұсылман әйелді төмендеткен премьер-министрге жауап берді

"Атымтай Жомарт" атанған ақтөбелік танымал депутат алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Атырау облысында полиция қызметкері жолды кесіп өтпекші болған екі адамды қағып кетті

Жақияновтың чемпиондық белдігін тартып алған британдық боксшы ауруханаға жеткізілген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1654964-mezgilsiz-olim-alemdegi-milliondagha/

pixel