jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жетпістен асқан кейуана туыстарының өзін 14 жасында мәжбүрлеп күйеуге бергенін айтып берді

: UGC

Тәжікстанның елді мекендерінің бірінде тұратын 72 жастағы әжей ағылшынша оқып, ауылдастарын таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Марзиям Шарипова - жасы жетпістен асса да әлі тың, үй шаруасын өзі атқаратын ширақ қария. Ауылдастарының сөзінше, оны көпшілік білімпаздығы мен еңбекқорлығы үшін қатты құрметтейді. Марзиям кішкене кезінен тұл жетім болса да мектеп қабырғасында 14 жасқа дейін білім алған. Туыстары оны тура сабақта отырған жерінен өзі сүймеген жігітке мәжбүрлеп ұзатып жіберіпті. Осы оқиға қарт ананың жүрегінде мәңгілікке ең  қайғылы күн ретінде сақталып қалған.

«Мектепте тек беске оқыдым. Тіпті бірде-бір «4» деген бағам болмады. Ол кезде ағылшын тілі емес, орыс тілін оқитын едік. Ағылшынша оқуды мен теледидардан Американы көрген соң қолға алдым.

АҚШ өте керемет екен, зәулім үй мен көшелері қатты ұнады. Арманым - Америкаға бару. Сол үшін немеремнен ағылшын тілінен дәріс алып жүрмін»,- дейді 72 жастағы қария.

Қарт оқушының ұстазы - жеті жастағы немересі Умуджан Назаров әжесінің қағылездіген таң қалып жүр.

«Ол кісіге не көрсетіп, айтсаң да бірден қағып алады. Менің сыныптастарымнан да жақсы оқиды десем болады. Қазір әжем ағылшынша онға дейін санап, біраз сөзді жатқа да біледі»,- дейді Умуджан.

Ал, қарт әже болса арманына жету үшін күн сайын сағаттап сабақ оқып жүр.

Тағы оқыңыздар: 

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген 40 жастағы әйел абақтыда асылып қалды

Тоғыз жастағы оқушы мұсылман әйелді төмендеткен премьер-министрге жауап берді

"Атымтай Жомарт" атанған ақтөбелік танымал депутат алаяқтық жасағаны үшін ұсталды

Атырау облысында полиция қызметкері жолды кесіп өтпекші болған екі адамды қағып кетті

Жақияновтың чемпиондық белдігін тартып алған британдық боксшы ауруханаға жеткізілген

Жетпістен асқан кейуана туыстарының өзін 14 жасында мәжбүрлеп күйеуге бергенін айтып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.