Сегіз жасынан тұрмысқа шығатын кішкентай қыздардың ауыр тағдыры
Жарияланған күні:
Кей елдерде қыз баланы кішкентайынан тұрмысқа беру әдеттегі жағдайға айналған. Егде жастағы азаматтардың қорлығына ұшырайтын жас қыздардың тағдыры әлем жұртшылығын алаңдатуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы videoboom.cc сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Йеменде 14 жастағы мына қыз бүгінде екі баланың анасы атанып отыр.
Екінші рет босанғанынан кейін қансырап жүрген қыз баланың жағдайына ешкім алаңдап жатқан жоқ. Ешқандай білім алмай, тұрмыс тауқыметін тартқан жеткіншек, тіпті өзіне қалай көмектесерін білмейді.
Нуджуд Али — әлем бойынша ажырасқан әйелдердің ішіндегі ең жасы саналады. Оны сегіз жасында 24 жастағы жігітке тұрмысқа берген. Неке шарты бойынша күйеуі оған кәмелет жасқа толмайынша саусағының ұшын да тигізбеуі тиіс еді.
Алайда жігіт бұл тыйымға назар аудармай, Нуджудты зорлап, соққыға жығып отырған. Екі айлық некесінен кейін қыз бала күйеуінен қашып үлгеріп, жұрттан көмек сұрайды. Бұл оқиға елде тез тарап кетіп, Нуджуд Али, тіпті "2008 жылдың әйелі" атанады.
Үндістанда тұратын Хасина Хатунды 13 жасында 19 жастағы Алиге тұрмысқа берген. Суретте Хатун 15 жаста және жүктіліктің бесінші айында. Ол өмірінде мектепке барып көрмеген.
Ал Бхопал қаласындағы тойда 14 жастағы ұл бала 12 жасар қызды қалыңдығы етуде.
Мына фотодағы 14-16 жастағы қыздар келін мен ана атанып үлгерген.
Фейруз Ахмед Хайдерді ауыр дертке шалдыққан анасы 11 жасында 25 жастағы жігітке тұрмысқа беруге мәжбүр болған.
Қызын сатқан ана сол ақшаға өзіне ота жасатпақ. Неке шартына сәйкес, бұл жігіт те қызға кәмелет жасқа толмайынша тиіспеуі керек еді. Алайда ол келесі түні-ақ жеткіншекті зорлап тастаған.
Шошып қалған Фейруз күйеуінен қашып, көмек сұрайды. Қыздың әкесі мен атасы оны өз қамқорлығына алды. Енді олар күйеу жігітке ақшасын қайтару керек, не болмаса қызын беруі тиіс.
Тағы да Үндістан. Той фотосында күйеу жігіт 14 жаста, ал қалыңдық небәрі бесте.
Пәкістанда түсірілген мына суреттегі қыздар да жастайынан тұрмысқа шығып жатыр.
Тағы оқыңыздар:
"Қазақстан үкіметінің өкілі" элиталық пәтерден бөлек төрт қымбат көлік сатып алған (фото)
Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)
Астананың элиталық ауданында балшық кешіп жүрген тұрғындар билікке жанайқайын жеткізді (фото)
Ресейліктер бала туу көрсеткішін көтеру үшін қазақстандық жігіттерді көмекке шақырмақ
Атышулы Дәурен мен Ақботаны әріптестері сынап тастады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1677252-segiz-zhasynan-turmysqa-shyghatyn-kishke/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.