Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің сыйлығынан айрылғысы келмеген әйел асылып қалды

Опубликовано:

Өзбекстанның Марғылан қаласында тұратын 42 жастағы әйел бір өлімнен аман қалды. Ол қала басшылығының заңсыз әрекетіне төзе алмағандықтан, өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан деп хабарлайды kabarlar.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Жергілікті билік өкілдері Дилором мен оның көршілерінен ел президенті сыйға тартқан пәтер үшін ақы төлеуді талап еткен.

Оған беретін ақшасы болмаған соң, әйел дарға асылып өлмек болыпты. Абырой болғанда оны көршісі дер кезінде көріп, құтқарып қалады.

"Дилором темекі сатады. Біз көршілерімізбен карта ойнап отырдық та, бір кезде темекі алайын деп Дилоромның есігін қақтым. Ешкім ашпаған соң, қаттырақ итеріп қалып едім, есік ашылып кетті. Бөлмеде асылып тұрған Дилоромды көріп, шошып кеттім. Жүгіріп барып оны көтеріп, жіптен шешіп алдым. Ол әлі тірі екен. Бірден жедел жәрдем шақырдық", - дейді көршісі.

Дилоромның айтуынша, бір ай бұрын қалалық әкімдіктен адамдар келіп, жағдайы төмен тұратын 88 отбасыға президенттің атынан пәтер берген екен. Алайда бірнеше күн бұрын олар қайта келіп, "президент сыйы" үшін ақша төлеу керектігін айтқан.

Сонда жалғызбасты әйел шенеуніктердің заңсыз әрекетіне қарсылық таныту мақсатында өзіне-өзі қол жұмсап өлмек болыпты.

"Егер үш ай бойы пәтерге ақша төлей алмасаң, оны тартып аламыз деп қорқытты. Менің не балам, не күйеуім жоқ. Сондықтан барлығын жүрегіме жақын қабылдап, өле салғым келді. Далада қалғанша, өмір сүрмей-ақ қойғаным дұрыс деп шештім. Неге басшылар бізге пәтерді президент сыйлап жатыр деп алдады?", - дейді Дилором Мамирова.

Президенттен пәтер алып қуанған азаматтардың айтуынша, оның кілтін табыстар кезде қалалық әкімшілік барлығына жиһаз бен төсеніш кілемдеріне дейін алып берген. Ал салтанатты жиын өте салысымен, бар дүниені қайта жинап алыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1717148-prezidentti-syjlygynan-ajrylgysy-kelmegen-jel-asylyp-kaldy/

pixel