Күйеу іздеген арулар: Әлемдегі еркектері көп ел қандай?
Жарияланған күні:
Әлем бойынша көптеген елде қыздар мен жігіттер саны тең келіп, бір-бірімен үйлесе бермейді. Жігіттер саны қыздардан анағұрлым басымдыққа ие елдер тізімін Телеграф желісіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы назарға ұсынады.
Грекия. Бұл туристік елде өмір сүру арзан әрі ауа-райы өте қолайлы болып келеді. Осыған орай елге келушілер саны артқанымен, ондағы әйелдер саны ер азаматтардан асқан емес.
Исландия. Мұнда әйелдер саны еркектерден 1,7 пайызға көп. Аталмыш мәселемен күресу үшін, мемлекет басшылығы жергілікті азаматтарға тұрмысқа шыққан шетелдік қыздарға 5 000 доллар беретін болған.
Италияда әйелдер кәсіби мансапқа көбірек көңіл бөліп, өзге елдерге көше бастаған. Сәйкесінше, ондағы ер азаматтар саны артып, нәзік жандылар азайып қалған.
Норвегия. Бұл елде қыздарға қарағанда, жігіттер саны 12 иыңға артық екен. Мамандар бұл мәселені шеші жолын әлі таппапты.
БАӘ. 9 миллион халқы бар елде 2016 жылғы есеп бойынша, 100 әйелге 247 ер азаматтан келеді.
Қытай. Бұл елде ер азаматтардың саны әйелдерден 40 миллионға артық. Осыған қарамастан, елдегі біршама ауылдарда жаңа туылған нәресте қыз болса, оны көшеде қараусыз тастап кетеді. Басшылық бұл мәселемен күресу үшін тастанды балаларға арналған орталықтар ашқан. Алайда онда көбінесе, түрлі ауытқуға шалдыққан сәбилер келіп түскен.
Нигерияда құқық теңдігі айтарлықтай сақталмайды. Онда балаларды үйлендіру, көп әйел алу, қыздарды сүндеттеу сияқты мәселелер әлі де тыйылмай тұр. Осының салдарынан елде қыздардың саны тым азайып қалған.
Үндістан. Бұл елде қыздан гөрі, ұл бала туғанды көбірек қалайды. Сондай-ақ, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық та жоғары. Сол себепті, Үндістанда еркетер саны әйелдерге қарағанда 37 миллионға басым.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1722337-kjeu-izdegen-arular-lemdegi-erkekteri-kp-el-kandaj/