Түрік жанкүйерлері бапкердің басын таспен жарып жіберді (фото)
Жарияланған күні:
Түркия кубогының "Фенербахче" мен "Бешікташ" командалары арасындағы жартылай финалдық кездесу аяқталмай қалды. Елдің екі алып клубтары арасындағы ойын 58 минутта тоқтатылған деп хабарлайды sports.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Фенербахче" жанкүйерлері қарсылас команданың қосалқы ойыншылары отырған жерді тиындар мен бөтелкелермен атқылауға кіріскен.

Ойын төрешісі Мете Калкаван матчты үш мәрте тоқтатты. Алайда төртінші тоқтату кезінде онсызда ашулы халық төреші бағытына өз наразылықтарымен атыла түсті.

"Фенербахче" ойыншылары жанкүйерлерін сабырға шақыруға тырысқан. Бірақ көпшілік футболшылар өтінішін елемеген көрінеді.


"Бешікташтың" қосалқы қақпашысы Толға Зенгін мен бас бапкері Шенол Гюнештің басына қатты нәрсе тиген. Футболшыға аса ештене болмаса, Гюнеш өзін жаман сезініп жерге құлап түсті.


Бапкердің басынан қан тоқтамаған соң, ойын тоқтатылып "Бешікташ" алаң сыртына кетіп қалды.



Алайда тәртіпсіздіктер бұл оқиғамен аяқталған жоқ. Белгісіз біреу жарақаттанған бапкер көмекшісін соққы астына алып, алаң сыртында да шу тудырды.




Шенол Гюнешке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны тез арада жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізген.


Нәтижесіз қалған кездесудің енді қашан болары белгісіз. Федерация өкілдері ойынның жанкүйерлерсіз өтуі мүмкін екенін айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1727888-trik-zankjerleri-bapkerdi-basyn-taspen-zaryp-ziberdi-foto/