"Соғыс бітті": Оңтүстік және Солтүстік Корея ақыры достасатын болды
Жарияланған күні:
Жұма күні кездескен Солтүстік және Оңтүстік Корея басшылары саммитте бейбітшілік туралы келісімшартқа қол қойды. Аталмыш құжат 1953 жылғы соғыстың ресми түрде тоқтағанын дәлелдейді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Русская служба Би-би-си-ге" сілтеме жасап хабарлайды.
Екі ел басшылары бейбітшіліктің басталғанын растайтын декларацияға қол қойып, Корей түбегінің ядролық қарудан толықтай құтылғанын мәлімдеді.
Ким Чен Ын Солтүстік Корея басшысы ретінде алғаш болып Оңтүстік Кореяның шекарасына бір қадам аяқ басты. Ол Оңтүстік Корея президентімен қол алысып, жаңа тарихи кезең басталғанын алға тартты.
Бұл - 1953 жылғы соғыстан бері Солтүстік Корея басшысының алғашқы рет Оңтүстік Кореяға аяқ басуы.
Таңертеңгілік келіссөздерден кейін екі ел басшылары жеке сөйлесуді ұйғарып, бірге серуенге шықты. Олар бір сағат бойы серуендеген сәтті телеарналар тікелей эфирден көрсетіп отырған. Алайда екі ел басшысының не туралы сөйлескені ешкімге естілмеді.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1729161-sogys-bitti-otstik-zne-soltstik-korea-akyry-dostasatyn-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.