jitsu gif branding logo appbranding logo app

Із-түзсіз кеткен ұлын 24 жылдан кейін тауып алған ата-ана көз жасын тыя алмады (фото)

: UGC

Қытайда 24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер жігіт өз туғандарын тауып, үйіне оралды. Балаларын ұзақ уақыт бойы іздестіруді тоқтатпаған ата-ана оны аман-есен қалпында көргенде көз жасын тия алмаған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Әкесімен дүкенге еріп барған Лю Ли 1994 жылы 8 тамызда жоғалып кеткен. Үш жасар бала Шэньси өлкесіне қатысты Сиань қаласында адасып кетті. Баласының жоғалып кеткенін аңғарған ата-ана алып шаһар ішінен оны таба алмаған.

Олар бастапқыда, Люді біреу ұрлап кетті деген ойда болды. Алайда, үш жасар бала бар-жоғы әкесінен қалып қойып, оны қалың көпшілік арасынан таба алмаған. Люді өзге қытайлық ерлі-зайыптылар асырап алды. Олар базарда жападан жалғыз келе жатқан баланы жетім деп ойлап қалған.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Баласын жоғалтып алған ата-ана 24 жыл бойына оны іздестіруді тоқтатпады. Артынан дүниеге егіз баланы әкелсе де, олар Люді күндердің бір күні табатындарына кәміл сенімді болғандарына айтады.

Отбасының қайта қауышуы араға 24 жыл салып орын алды. Лю өзінің туған ата-анасын таппақ болып, медициналық орталыққа өз қанын тапсырған. Нәтижесінде, оның көрсеткіштері баласын іздестіріп жатқан ата-ананыкімен сәйкес болып шықты.

Есейіп кеткен баласын көргенде ата-анасы "біз сені ақыры таптық" деп айтқан.

Өзінің туған ата-анасымен қайта қауышқан ер жігіттің оқиғасы желі қолданушыларын тебіреткен. Көпшілік мұндай әсерлі оқиғадан екөздеріне еріксіз жас алғанын айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.