Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Месси мұсылмандардың ашуын келтірді

Опубликовано:

Палестина футбол федерациясының басшысы Джибриль Раджуб әйгілі Мессиге Израильмен өтетін жолдастық кездесуге қатыспауға кеңес берген болатын. Аргентиналық футболшы бұл сөздерге құлақ аспаған жағдайында үлкен мәселеге тап болмақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurospoort.ru
Фото: eurospoort.ru: UGC

"Барселона" жұлдызына палестиналық жанкүйерлер ашулы. Аргентиналық футболшының өз құрамасы сапында Израильге қарсы жолдастық кездесуге шығуы өте қауіпті болғалы тұр.

Оған жергілікті жанкүйерлердің ашу-ызасы себепкер. Тіпті, Палестина футбол федерациясының төрағасы Месси дәл сол ойында алаңға шықса, барша жанкүйерлерді әйгілі аяқдопшының жейдесін жаппай өртеуге шақырды.

Раджуб 9 мауысым күні болатын Аргентина мен Израиль құрама командалары арасындағы ойынға тосқауыл болу үшін аянып қалмауда.

Фото: eurospoort.ru
Фото: eurospoort.ru: UGC

Ол Рамалла қаласындағы Аргентина құрамасының ресми кеңсесі маңында өз мәлімдемесін жасады.

"Месси біз үшін бейбітшілік пен сүйіспеншіліктің бірден-бір белгісі. Соған орай біз оның Израиль құрамасымен өтетін ойында бой көрсетпеуін сұраймыз. Мессидің мұсылман мемлекеттерінде табынушылар саны жетіп артылады. Олардың бәрі оны үлгі тұтады. Ал егер футболшы біздің кеңесімізге құлақ аспаса, біршама жанкүйерінен айырылып қалатыны сөзсіз. Барша мұсылман жанкүйерлері оның спорттық формасы мен фото-суреттерін өртеп жібереді", - деп айтты Раджуб.
Фото: eurospoort.ru
Фото: eurospoort.ru: UGC

Палестина футбол федерациясының төрағасы бұл жолдастық кездесудің Иерусалимдегі "Тэдди Стэдиумда" болатынына қатты ашулы.

«Месси. Қатыспа. Расизмның бет-бейнесіне айналма», – деп мәлімдеді басшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735346-jgili-messi-msylmandardy-asuyn-keltirdi/

pixel