Әлемдегі ең таңдаулы 8 әскери жасақ жайлы не білеміз?
Жарияланған күні:
Әлемнің көптеген елінде қауіпті тапсырмаларды орындап, арнайы мақсатта қолданылатын таңдаулы 8 әскери жасақ бар. Бұл туралы bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
1. Сегізінші орында Пәкістандағы арнайы жасақ. Оларды әлем елдері қолбасшыларының бас киімі үшін "Қара көкқұтандар" деген атпен таниды.
Бұл жасақ 2009 жылы қазан айында қылмыскерлермен қақтығысып, кепілге алынған 39 адамды құтқарып қалған.
2. Жетінші орында Испания қарулы күштерінің әскери жасағы. Олар Еуропада бұрыннан аса құрметке ие болып табылады. Жасақ 1952 жылы құрылған.
3. Алтыншы орында - 1974 жылы Ресейде құрылған антитеррорлық "Альфа" жасағы.
2002 жылы ресейлік спецназдар, соның ішінде "Альфа" сарбаздары "Норд-Ост" шарасы кезінде мәскеу театрында кепілге алынғандарды құтқару үшін химиялық газ қолданған. Нәтижесінде 129 адам қайтыс болған. Осы оқиғадан соң жасақ сынның астында қалыпты.
4. Бесінші орында Францияның антитеррорлық жасағы. Онда 200 адам кепілдегілерді құтқаруға машықтанған.
1973 жылы құрылғаннан бері 600 адамды құтқарыпты. Францияның заңына сәйкес, аталған жасақ сарбаздарының түрлерін суретке түсіру заңбұзушылық болып табылады.
Франциялық жасақ 1979 жылы Меккедегі атақты мешітті басып алған террористерге қарсы тұрған. Олар сауд арабиясының әскери күштерімен бірге, мешітті қайтарып алыпты.
5. Төртінші орында Израильдік "Сайерет Маткаль" таңдаулы әскери жасағы. Аталған әскери құрамға кіру үшін сарбаздар көптеген дайындықтан өтеді. Іріктеу уақытында әскерилер дәрігерлер мен психологтардың бақылауында болады.
2003 жылы израильдік такси жүргізушісі Элияаху Гурель өзінің көлігімен төрт палестиналықты Иерусалимге апарған соң жоғалып кеткен. "Сайерет Маткаль" құрамы жәбірленуші тауып, Рамалла қаласының жанындағы 10 мертлік шұңқырдан шығарып алыпты.
6. Үшінші орында британдық арнайы әуе жасағы тұр. Олардың ұраны "Батырлар ғана жеңіске жетеді".
7. Екінші орында аңглиялық "теңіз мысығы" жасағы. Құрамға іріктеу кезінде сарбаздардың шыдамдылығын тексеріп, қиын жаттығулар қолданады. Әрбір әскериде тест тапсыруға екі мүмкіндік беріледі.
8. Бірінші орында АҚШ-тың "теңіз мысығы" жасағы. Әскерилерді қабылдау уақытында қиын жаттығулар қолданылады. Джунглидегі жаттығу кезінде сарбаздар аман қалу үшін жыланның қанын ішеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1779075-lemdegi-e-tadauly-8-skeri-zasak-zajly-ne-bilemiz/