jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Қызды ұл ретінде тәрбиелеп өсіретін пәкістандық салт-дәстүр жайлы не білеміз?

: Twitter

"Бача-пош" салт-дәстүрі Пәкістан мен Ауғанстанда ежелден бері ұстанып келе жатыр. Дәстүрге сәйкес, отбасыда кілең қыздар туған жағдайда, олардың бірін ұл ретінде тәрбиелеп өсіреді деп жазады zerkalo.cc сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zerkalo.cc
Фото: zerkalo.cc: Twitter

Ұл бала ретінде өсіруге таңдалған қыздың шашын қысқартып, оған ер адам атын береді. Ол үнемі ұлдардың киімін киіп жүруге міндеттеліп, мейрамдарда тек қана ер балаларға сай сыйлық алады.

Есік алдында ол үнемі ұлдармен ойнап, тіпті төбелесіп қалуы да мүмкін.

Бұл мемлекеттерде әйелдерге қарағанда ер адамдардың құқығы мен бостандығы анағұрлым жоғары тұрады.

Ұлға айналған қыз бала бача-пош тәжірибесінің арқасында білім алуға мүмкіндік алып, үй жинау мен тамақ әзірлеу іспетті міндеттерден құтылады.

Фото: kulturologia.ru
Фото: kulturologia.ru: Twitter

Пәкістан мен Ауғанстан халқы әлеуметтік қысымға өте жақын. Сол себепті олар үшін ұрпақ жалғастырушы ұлдың болмауы ауыр жағдай болып саналады. Жергілікті тұрғындар арасында қыздың бача-поштан өтуі, келесі баланың ұл болып дүниеге келуіне сепші болады деген сенім бар.

Фото: kulturologia.ru
Фото: kulturologia.ru: Twitter

Отбасы қызының тұрмыс құратын уақыты келгенін шешкен кезде, оны қайтадан бойжеткен қалпына қайтарады. Бұрында оған жасауға рұқсат етілген нәрселердің көбі бір күнде оған қатаң түрде тыйым салынған болып шыға келеді. Аруға қайтадан жаңа өмірге үйренісуге тура келеді.

Фото: kulturologia.ru
Фото: kulturologia.ru: Twitter

Қыздардың көпшілігі бұл тәжірибені аса ауыр қабылдайды. Олардың кейбірі тіпті өмірін ұл ретінде жалғастыра бергісі келіп қалады. Олар тамақ әзірлеп, үй жинауды білмейді. Бача-поштан өткен аруларға қайта бұрынғы қалыпқа келу психологиялық тұрғыдан аса ауыр екен.

Қызды ұл ретінде тәрбиелеп өсіретін пәкістандық салт-дәстүр жайлы не білеміз?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.