Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мыңдаған қытайлық карантиннен кейін ашылған тауға ағылып, кептеліп қалды (видео)

Опубликовано:

Мыңдаған Қытай туристері карантиннен кейін ашылған тау жотасында кептеліп, тұрып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Басылым мәліметінше, аталмыш жағдай Аньхой провинциясындағы Хуаншань тауында болған.

5-6 сәуір демалыс күндері, үкімет саябақты келушілерге ашып, қонақтарды тарту мақсатында кіруді ақысыз қылған екен.

Нәтижесінде аз уақыттың ішінде қорықтың серуен жолдары туристерге толып, көрнекі жерді уақытша жабуға тура келген.

Интернет беттерінде тарап кеткен видео кадрынан респираторлық маска киген мыңдаған қытайлықтың парктің тар жолы арқылы баяу алға ұмтылып жатқанын көруге болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қытай Халық Республикасы мемлекеттік кеңесі 4 сәуірді эпидемиямен күресіп, көз жұмған COVID-19 құрбандарын еске алу күні деп жарияланған еді.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс атындағы университеттің соңғы мәліметтеріне сенсек, әлем бойынша коронавирустық инфецияны 1 340 000 адам жұқтырған. Ал қайтыс болғандар саны 75 мыңға жақындаған.

Өлім-жітім саны бойынша Италия алдыңғы орында тұр. Мұнда 16,5 мың адам көз жұмған. Одан кейінгі тізімде Испания, АҚШ және Франция бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1849362-mydagan-kytajlyk-karantinnen-kejin-asylgan-tau-zotasynda-keptelip-kaldy-video/