Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 млрд доллар бөлмек

Опубликовано:

Қытай елінің президенті Си Цзиньпин коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету және дамушы елдерге көмек көрсету жөніндегі бағдарламаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РБК-ға сілтеме жасап.

Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 млрд доллар бөлмек
Фото: Noel Celis / Getty Images: UGC

Дүйсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен өтетін 73-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының отырысы басталды.

Жиын онлайн режимде өтеуде.

Пленарлық отырысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ашты.

Ол отырыс барысында ДДСҰ-ға елдегі коронавирус инфекцияның таралуы туралы ақпаратты уақытылы әрі ашық түрде хабарлағанын айтты. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп "Қытай деректерді жасырып, толық емес статистика ұсынады" деген пікірді бірнеше рет айтқан болатын.

"Қытай әрдайым ашық әрі айқын, сонымен қатар жауапкершілік қағидаларын ұстана отырып, ДДСҰ-ға және басқа елдерге эпидемиологиялық жағдай туралы уақытылы хабарлап отырды", – деп мәлімдеді Си Цзиньпин.

Президенттің айтуынша, Қытай COVID-19 таралуына қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы және емдеу әдістері жайлы толық ақпаратпен ашық түрде бөліскен.

Си Цзиньпин сонымен бірге коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету және елдерге, әсіресе дамушы елдерге көмек көрсету жөніндегі бағдарламаның мәнін түсіндірді. Нақтырақ айтсақ, екі жыл ішінде Бейжің эпидемиядан зардап шеккен елдерді қолдауға 2 миллиард доллар бөлуге дайын.

"COVID-19-ға қарсы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қытай екі жыл ішінде коронавируспен күресуге және әлеуметтік-экономиканың дамуына көмек ретінде зардап шеккен елдерге, әсіресе дамушы елдерге 2 миллиард доллардан бөледі", – деді ол.

Сонымен қатар БҰҰ-мен бірлесіп, мұқтаж елдерге эпидемияға қарсы препараттарды жеткізуді қамтамасыз ету үшін Қытайда жаһандық қойма мен хаб құрылмақ.

Бұл үшін Си Цзиньпин кедендік жасыл дәліз ұйымдастырылатынын айтты.

Си Цзиньпин вирустың таралуын мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек екенін атап өтті. ДДСҰ пандемиямен күрес кезінде басты рөл атқаруы керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай билігі елдің солтүстік-шығыс бөлігіне шектеу шараларын енгізгенін хабарлаған едік.

Себебі, аталған аймақта коронавирус жұқтырудың 34 дерегі анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1856420-kytaj-koronavirustan-zardap-sekken-elderge-2-mlrd-dollar-blmek/

pixel