jitsu gif branding logo appbranding logo app

Коронавирустың пайда болуына қатысты Қытай жаңа нұсқа ойлап тапты

: UGC

Қытайдың Ауруларды алдын алу және бақылау ұлттық орталығының ғалымдары Уханьдағы Хуанань теңіз өнімдері SARS-CoV-2 коронавирусының бастапқы қайнаркөзі емес деген тұжырым жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустың пайда болуына қатысты Қытай жаңа нұсқа ойлап тапты
Фото: pixabay.com: UGC

Мамандар зерттеу жүргізіп, Хуанань базарында сатылатын жануарлардың үлгілерін зерттеген.

Олардың COVID-19 сынақтарының нәтижелері теріс болыпты. Бұл дегеніміз - жануарлар сатып алушыларға ауру жұқтырмайтынын білдіреді деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail-ге сілтеме жасап.

"Демек, базар да инфекцияның құрбаны болған", — деп мәлімдеді орталық басшысы Гао Фу.

Вирустың жарқанаттарда пайда болғандығы, содан кейін адамдарға "аралық жануар" арқылы берілетіні расталды. Инфекцияның тараған нақты орны белгісіз.

Джорджтаун университетінің зоологы Колин Карлсонның айтуы бойынша, Уханьдағы теңіз өнімдері базарында бір адам бірнеше басқа адамдарға жұқтырғаннан ол аурудың кең таралған орны болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Уханьда белгісіз пневмонияның өршуі желтоқсанның аяғында байқалды. Жылдың соңғы күні Қытай билігі бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хабарлады.

Белгілі болғандай, аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі болды, кейіннен ауру ресми түрде COVID-19 деп аталды.

Қаңтарда Қытайда қатаң карантиндік шаралар енгізілді, бірақ инфекцияның таралуын ұстап тұру мүмкін болмады және 11 наурызда ДДСҰ бүкіл әлемде пандемия жариялады. Содан бері әлемнің барлық дерлік елдері COVID-19 залалына ұшырады.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, жалпы әлемде 5,7 миллион адам ауру жұқтырған, олардың 357 мыңы қайтыс болған екен.

Елдегі ахуалға келсек, Қазақстанда ауруға шалдыққандар саны 10 858-ге жетті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.