БАҚ: Лукашенконың ұшағы Швейцарияда көзге түсті

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Александр Лукашенко және оның отбасына тиесілі ұшақ бірнеше күннен бері Швейцарияда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұшақ Базельде көзге түскен. Белоруссиядан Базельге ұшуға шамамен алты сағат уақыт кетеді.

Tages-Anzeiger жазғандай, 30 тамызда бір ұшақ Минскіден тікелей рейс жасап, Базельге қонды. Әуежайдың баспасөз қызметі Gulfstream G550 қонғанын растады, бірақ ұшу болған-болмағаны белгісіз.

Басылым ұшақта Белоруссия туының түсі бар деп жазады. Ұшақтың түсі Лукашенко №1 борт ретінде пайдаланатын Boeing 747 ұшағының түсімен бірдей.

Жеті күн бұрын Базельге қонған мемлекеттік нөмірі EW-001PJ ұшағы тек Лукашенко мен оның отбасы үшін қолжетімді болып саналады. Бұл туралы алғаш рет осы жылдың қаңтарында Nexta жаңалықтар порталы хабарлады. Содан кейін үкіметтің өкілі Лукашенконың өз ұшағы болғанын жоққа шығарды.

Gulfstream G550-ді Александрдың ұлы Виктор Лукашенко жиі пайдаланған. Бірақ ол Швейцарияда соңғы рет қаңтар айында болды.

Беларусь Сыртқы істер министрлігінде Лукашенконың Швейцарияға сапары туралы мәліметтер жоқ. Базель әуежайы қызметкерлеріне жақын дереккөздің айтуынша, ұшақ техникалық қызмет көрсету үшін Швейцарияға келген.

"Беларусьта президенттік сайлауды бұрмалауға қарсы наразылықтар азайып жатқан жоқ. Осы жексенбіде Минскіде тағы бір үлкен демонстрация жарияланды. Режим ереуілге шыққан студенттерге ерекше қатаң бола бастады. Әрине, президент қарсылық білдіріп жүз мыңдаған адам көшеге шықты және ол өз елін тек қатыгез полицияны қолшоқпар етіп қана басқара алады. Оның үстіне ол өз бизнес-джетінің жағдайына алаңдаулы. Алайда ұшақтың жасы бір жылдан енді асқан", – деп жазады басылым.

Еске салсақ, алты жыл бұрын Александр Лукашенко Беларусь-Украина одағын құруды ұсынған. Бұл туралы Еуропалық кеңестің бұрынғы президенті және Польшаның экс-премьері Дональд Туск айтып берген еді.

Оған қоса, Балтық елдері кіруге тыйым салынған Беларусь азаматтарының тізімін жариялады. Олардың қатарында президент Александр Лукашенко да бар болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1873110-bak-lukasenkony-sagy-svejcariada-kzge-tsti/

jitsu gif