Лукашенконың Балтық елдеріне кіруіне тыйым салынды

Опубликовано:

Лукашенко
Фото: РИА Новости / БелТА / Андрей Покумейко

Балтық елдері кіруге тыйым салынған Беларусь азаматтарының тізімін жариялады. Олардың қатарында президент Александр Лукашенко да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

РИА Новостидің жазуынша, Литва СІМ басшысы Линас Линкявичюс Еуропалық кеңестің Беларусьтағы "зорлық-зомбылық үшін жауапты" нақты адамдарға қатысты санкциялар қолдану туралы шешімін қолдайтынын мәлімдеді. Тізімде Александр Лукашенкода бар.

Линкявичюстің эстониялық әріптесі Урмас Рейнсалудың айтуынша, енгізілген санкциялар Беларусьтегі адам құқығының бұзылуына қатты мән беретінін білдіреді.

Сыртқы істер министрі Таллин Беларусь Республикасы азаматтарының демократиялық өзгерістерге жетудегі ерік-жігері мен күш-жігерін қолдайтынын түсіндірді.

Ал Латвияның сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич Беларуссияның 30 азаматының елге кіруіне тыйым салынғанын айтты.

Олардың қатарында президенттік әкімшілік қызметкерлері мен мемлекет басшысы Лукашенко бар.

"Олар президенттік сайлау кезіндегі алаяқтық және бейбіт шерушілерге қарсы қатігездігі үшін жауапты", - деп жазған министр әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ, ол Латвия тәуелсіз әрі демократиялық Беларусь пен оның азаматтарын қолдайтынын айтты.

Еске сала кетсек, Украина билігі Беларусьпен арадағы байланысты тоқтатып, республика ішіндегі жағдайдың дамуын қадағалап отырғаны хабарланды.

Айта кетсек, Беларусь президенті Александр Лукашенко оппозиция қатарындағы мұғалімдерді жұмыстан босату қажеттігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871882-lukasenkony-baltyk-elderine-kiruine-tyjym-salyndy/