jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Пандемияда табыссыз қалған АҚШ-тың ең қымбат жезөкшесі билікті сотқа берді

Алиса
Фото: coronavirus.tsn.ua

АҚШ-тың ең қымбат жезөкшелерінің бірі Невада штатының басшылығын Covid-19 пандемиясы кезінде жұмысынан айырылғаны үшін сотқа берді деп жазады apnews.com.ua.

Невада штатындағы Moonlite BunnyRanch борделінің қызметкері және АҚШ-тағы ең қымбат жезөкшелердің бірі Алиса Литтл пандемия кезінде жұмысынан айырылғаны үшін Невада штатының үстінен сотқа шағым түсірді.

Сот Невада штатының Бас прокурорын Алисаның шағымына 30 күн ішінде жауап беруге міндеттеді.

Алиса
Фото: coronavirus.tsn.ua

Өзін психолог, қарым-қатынас жөніндегі кеңесші және төсек қатынасының сарапшысы ретінде таныстырған ару жылдық табысы $ 1 000 000 құрап келгенін алға тартыпты.

Алайда пандемияға байланысты 17 наурыздан бастап заңды жезөкшелердің жұмысы тоқтатылып, бордельдер карантинге жабылғаннан кейін Алиса табыссыз қалғанын айтуда.

Алиса
Фото: coronavirus.tsn.ua

Сол арада массаж орындары, санаторийлер мен салондардың жұмысына тыйым салынбағанына ашуланған Алиса бұл жайтты дискриминация деп бағалаған.

Өз шағымында элиталық жезөкше Невада үкіметінің кездейсоқ шешімдері заңды секс-жұмыскерлерге қаржылық шығын әкелгенін мәлімдепті.

Алиса
Фото: coronavirus.tsn.ua

"Бұл заңды секс-жұмысшыларға қатысты ашық дискриминация. Өзге мекемелерге жұмысты қайта бастауға рұқсат етілуі мұны растайды", - деді Алиса Литтл.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейде несиелік борышы бар әйел қарызын қайтармас үшін жынысын ауыстырып тастағанын жазған едік.

Одан бөлек, Замбия тұрғыны жігітіне тұрмысқа шығу үшін оның ұсыныс жасауын сегіз жыл бойы сарғайып күткеніне ашуланып, ғашығын сотқа бергенін жазған болатынбыз.

Пандемияда табыссыз қалған АҚШ-тың ең қымбат жезөкшесі билікті сотқа берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.