jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Лос-Анджелесте мектептердің қайта ашылуын талап еткен ата-аналар ереуілге шықты

Ереуілге шыққан ата-ана
Фото: Genaro Molina / Los Angeles Times via Getty Images

Лос-Анджелесте мектептердің қайта ашылуын талап еткен ата-аналар ереуіл өткізді. Шараға тіпті оқушылардың өздері де қатысқан деп хабарлайды "Хабар 24".

Ереуілге шыққандардың айтары бір. Олар мектептердің қайта ашылуын талап етіп отыр. Жиылған жұрт онлайн сабақтан шаршағанын айтады.

Негізі жуырда жергілікті денсаулық сақтау департаменті өңірде эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын жария еткен болатын.

Қазір 100 мың тұрғынға шаққандағы деректер саны 25-ке дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш мектептердің қайта ашылуына жеткілікті.

Алайда билік балалардың партаға қайта отыруы үшін мұғалімдердің барлығы вакцина салдыру керек дейді. Ал білім беру саласы қызметкерлерінің қашан екпе салдыратыны белгісіз.

Ал ереуілдеткен ата-аналар бұл жағдайға қатысты мұғалімдердің еш кінәсі жоқ екенін айтуда.

"Біз мектепке оралғымыз келеді. Қазір эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Бірақ биліктің мектептерді неге ашпай отырғаны түсініксіз. Мұғалімдердің кінәсі қанша? Олар сабақты түсіндіруге барын салады. Алайда олар экранның ар жағында, біз мына жағында отырамыз. Қанша дегенмен жаңа материалды түсіну қиын", – дейді ата-ананың бірі.

Оған қоса, жиналған жұрттың көбі білім беру сапасының төмендегенін алға тартты.

"Балалар үйде отырып, мезі болды. Күйзеліске ұшырап жатыр. Білім беру сапасы төмендеп, оқушылардың үлгерімі нашарлап барады. Сол үшін мектептерді қайта ашуды талап етеміз", – дейді тағы бір ата-ана.

Лос-Анджелесте мектептердің қайта ашылуын талап еткен ата-аналар ереуілге шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.