Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

39 жыл комада жатқан француз футболшысы қайтыс болды

Жарияланған күні:

Футболшы
Фото: "France Football" журналынан скриншот

"Ницца", "Пари Сен-Жермен", "Нима" футбол клубтарының және Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Жан-Пьер Адамс 73 жасында қайтыс болды. Ол 40 жылға жуық комада жатқан. Қаралы хабар "Нима" футбол клубының Twitter парақшасында жарияланды деп жазады 360tv.ru.

"Бүгін Адамстың өлімі жайлы естідік. Клуб оның жақындары мен достарына көңіл айтады",- делінген "Ниманың" хабарламасында.

Адамс 6 қыркүйек күні таңертең Ним қаласындағы университет госпиталінің палатасында көз жұмды. Ол комада 39 жыл жатқан.

Адамс 1982 жылы 17 наурыз күні медициналық қателіктен кейін комаға түсті. Ақ халаттылар Лион ауруханаларының бірінде тізе операциясы кезінде ағаттық жіберген. Содан бері спортшының әйелі Бернадетт дәрігерлерден оны вегетативті күйде ұстауды сұрап келген.

Адамс орталық қорғаушы позициясында ойнаған. Ол 1972 жылдан 1976 жылға дейін Франция құрамасында 22 матчқа қатысқан. Франция чемпионатында "Ницца" мен "Пари Сен-Жермен" үшін өнер көрсеткен. 1980 жылдардың басында ол әуесқой деңгейде ойнады.

Еске салсақ, бұған дейін Германия құрамасы мен "Баварияның" бұрынғы шабуылшысы Герд Мюллер 76 жасында қайтыс болғанын жазған едік.

Герд Мюллер әлем және Еуропа чемпионы атанған. Үш мәрте Еуропа чемпиондарының кубогын иеленіп, Германия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы болған. Сондай-ақ, екі рет "Алтын бутсы" және бір рет "Алтын допты" алған.

Одан бөлек, Мюллер "Бавария" (523 гол) және Бундеслига (365 гол) тарихындағы ең үздік бомбардир саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1930706-39-zyl-komada-zatqan-francuz-futbolsysy-qaitys-boldy/