Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кальмар ойыны" телехикаясының арқасында Оңтүстік Кореяда сауда қыза түскен

Опубликовано:

кальмарлар11
Фото: Хабар24

"Кальмар ойыны" телехикаясы біраз жұртты шошытқанымен оның пайдасын көріп жатқандар да бар. Әсіресе Кореядағы тоқыма өнеркәсібінің оң жамбасына келгенге ұқсайды деп хабарлайды "Хабар 24".

Мәселен, телехикая кейіпкерлері киген спорт киімдері мен бетперделерге сұраныс артып, сауда қыза түскен. Осыдан бір-екі ай бұрын Сеулдің орталығындағы базар бос тұрса, карантиндік шектеулер жеңілдетілгеннен кейін мұнда сатып алушылар саны айтарлықтай өскен.

Сатылымның өсуіне жақында шыққан "Кальмар ойыны" телехикаясы да әсер еткен. Тіпті базарда иттерге арналған киім бар. Ең көп сатылатыны – 426 саны бар костюм. Мұндай ит киімі шамамен 25 доллар тұрады.

Одан бөлек, "Кальмар ойынының" бірнеше мың костюмін жергілікті кәсіподақ конфедерациясының мүшелері сатып алып, оны киіп шеруге қатысқан. Бір ғана Сеулдің өзінде 27 мыңға жуық адам наразылық акциясына шыққан. Наразылық білдірушілердің айтуынша, сериал олардың шынайы өмірін көрсетеді. Олар да жұмыссыз қалып, кемсітушілікке ұшыраған.

Сонымен қатар, Кореяның бірнеше қаласында нағыз "Кальмар ойынын" ұйымдастыру әрекеттері жасалған. Сериалдан айырмашылығы – жеңілген адам тірі қалады. Ойындардың бірі 24 қазанда Каннында өтуі керек еді. Мыңнан астам адам қатысуға өтініш білдірген.

Жүлде қоры 4200 доллардан асады. Алайда билік карантиндік шектеулерге байланысты ойынға тыйым салған. Әлеуметтік қашықтық ережелері жеңілдетілгеннен кейін ойын өтуі мүмкін. Себебі "Кальмар ойынының" кейіпкерлері сияқты тез байып кеткісі келетіндер жетерлік екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1938615-kalmar-oiynynyn-arqasynda-ontustik-koreyada-sauda-qyza-tusken/

pixel