jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Қытайда тойға 60 келі алтын таққан қалыңдық жүре алмай қалды

Қалыңдық
Фото: glavcom.ua

Қытайда тойға 60 келі алтын тағып алған қалыңдық күйеу жігіт пен жақын туыстарының сүйеуінсіз өздігінен жүре алмай қалды деп хабарлайды ГлавКом.

Хубэй провинциясының (Қытай) көптеген тұрғыны алтынды зұлым рухтардан және кез келген бақытсыздықтан қорғайтын сәттілік пен гүлденудің белгісі деп санайды. Сондықтан бұл елде қалыңдықтар үйлену тойына алтын бұйымдарды көптеп тағады. Бірақ жақында бір қыз алтын алқа мен білезіктердің саны бойынша рекордтты жаңартты.

30 қыркүйекте неке қию рәсімі кезінде әрең қозғалған қалыңдық жұрт назарын аударды. Жүруге күйеу жігіт пен жақын туыстары көмектесті. Қыздың аяғына ештеңе болмаған, мәселе қалыңдықтың таққан алтын бұйымдарының салмағы 60 келіден асқан. Сол себепті ол өздігінен жүре алмады.

Trubun Solo-ның хабарлауынша, зергерлік бұйымдарды қызға болашақ күйеуі мен оның отбасы сыйлаған. Бұл негізінен массивтік алтын алқалар болды, бірақ қалыңдыққа бірнеше білезіктер де ұсынылды. Барлық зергерлік бұйымдар өте қымбатқа бағаланғандықтан, салмағы да сол деңгейге сай болған.

Жергілікті халықтың нанымына сәйкес, соншама алтын әшекейлерге оранып алған қыз осы дүниедегі бар бақытты алуы керек болған, алайда ақырында қалыңдықтың денсаулығы нашарлап, бел ауруына шалдықты.

Қытайда тойға 60 келі алтын таққан қалыңдық жүре алмай қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.